Ұрпақтар сабақтастығы және ата-бабалардың еңбегі және ерлік істерін есте сақтау қазақстандық қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады.
Ағымдағы жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлері антикор волонтерлермен бірлесе отырып, өскелең ұрпақпен Заң мен тәртіп қағидаттарын талқылау, сондай-ақ адалдық пен ар-ождан идеалдарын ұстану бойынша "Жеңіс жол" акциясын өткізді.
Қостанай гуманитарлық колледжінің алаңында спикерлер студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар, құқық бұзушылықтың осы түрі үшін жазаны қатаңдату туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа және қоғамның бей-жай әрекетсіздігіне қарсы белсенді күреске шақырды.
Сондай-ақ, кездесу барысында 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмыс істеуі туралы ақпарат айтылды, ол бойынша әркім кеңес алып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК