Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында, спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы негізінде берілген ұсынымдардың орындалу нәтижелерін қарау бойынша Қостанай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлескен отырысы жақын арада өткізілді.
Отырыста Департамент басшысының бірінші орынбасары бюджет қаражатын тиімді және ашық игеру, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою, сондай-ақ алдағы уақытта тәуекелдердің алдын алу қажеттілігін түсіндірді.
Басқарма басшысы өз сөзінде ұсынымдар қазіргі уақытта орындалу үстінде екендігін, ал анықталған бұзушылықтар мен ескертулер жойылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, алдағы уақытта заңбұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаулар жүргізіліп, тиісті алдын алу шаралары қолданылатын болады.
Бұл мәселе басқарманың тұрақты бақылауында тұр, ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметінде ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдануда.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК