
2024 жылғы 30 мамырда Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Құқықтық мәселелер бойынша сараптамалық кеңес алып, Қостанай облысының үздік мамандарына жүгінген азаматтар саны 200-ден асты.
Облыс орталығында акция «Қостанай плаза» алаңында, сонымен қатар өңірдің барлық қалалары мен аудандарында өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай облысының әділет департаменті және «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі бастамасымен ұйымдастырылды.
Тұрғындарға құқықтық көмекті 40-тан астам сарапшы көрсетті. Бұл кез келген азамат үшін өз сұрақ-сауалын қойып, тура сол жерде тегін кеңес алуға толық мүмкіндік берді. «Акцияға түрлі сала мамандары, соның ішінде азаматтар жиі жүгінетін мемлекеттік органдар тартылды, олардың қатарында салық, жер қатынастары, құқық қорғау органдары және басқа да тиісті құзыретті органдар. Ал жеке жағдайлар бойынша адвокаттар мен заңгерлер жұмыс істеді», - деді іс-шара барысында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенгов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтардың ең көп өтінген сауалардың қатарына тұрғын үй және жер қатынастары, сот ісін жүргізу және алименттерді өндіріп алу, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер қою мен денсаулық сақтау салалары болды.