Хабарландыру

Хабарландыру

       Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ" жобасы шеңберінде өңір тұрғындары үшін құқықтық консультацияларды жалғастыруда.

       Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде сарапшылар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер Қостанай ауданының тұрғындарына тегін кәсіби-құқықтық көмек көрсететін болады.

       Іс-шараға жергілікті қоғамдастық өкілдері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.

       Тұрғындар ағымдағы жылдың 26 сәуірінде сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін Алтынсарин ауылының аумағында орналасқан жедел штаб алаңында құқықтық кеңес ала алады.