Қостанай облысында спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды

Қостанай облысында спорт саласындағы  жемқорлық тәуекелдері анықталды

          Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде спорт саласына сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша бірқатар жемеқорлық тәуекелдері анықталды.

         Талдау спортты қаржыландырудың ашықтығын, бюджет қаражатын игеру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетті.

         Осылайша шетелде дене шынықтыру бойынша жалған оқу-жаттығу жиындарының 8 фактісі анықталды, яғни қаражат бөлінгенмен, жаттығулар тек қағаз жүзінде өткен.

         Сонымен қатар, БЖСМ-нің 18 тәрбиеленушісі бір уақытта жаттығып, алайада дәл сол уақытта әртүрлі елді мекендерде болған фактілер орын алды. Бұл іс-шаралар спорттық бағдарламалар арқылы қаржыландырылды.  Талдау қорытындысы бойынша материалдар аудит жүргізу үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

          Айтылған ақпарат бойынша, сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, Департаменттің ұсынымдары бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт клубтарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша техникалық ерекшелікке бюджет қаражатын пайдаланудың толық калькуляциясы мен айқындығын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізді.