Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетімен кездесу

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетімен кездесу
           2024 жылғы 23 ақпанда Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті басшылығының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша ҚР ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныс қаралды.
           Ұсынысты енгізуге Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында тергеу барысында анықталған бірқатар бұзушылықтар себеп болды. Кеңестің негізгі мақсаты-көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау.
            Департамент басшылығы комитет ұжымына көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы ақпарат жеткізді және қызмет барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.
           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты басымдығы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың салдарымен күрес емес, олардың алдын алу болып табылатынын атап өту маңызды, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларын жүргізуді, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық пен заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюды қамтиды.