Ілияс Омаров атындағы облыстық драма театрындағы спектакль

Ілияс Омаров атындағы облыстық драма театрындағы спектакль
         Барлық уақытта театр халықтың эстетикалық адамгершілігі мен гуманизмін тәрбиелеудің маңызды құралы болды.
        Ұжымның мәдени құндылықтарын жоғарылату және қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу аясында Қостанай облысы бойынша Департаменттің жеке құрамы Ілияс Омаров атындағы облыстық драма театрында қойылған «Бір түп алма ағашы» атты спектаклінің қойылымын тамашалады.
         Бұл бір отбасының өмірі арқылы шынайы өмірлік құндылықтарды көрсететін терең психологиялық драма, мұнда спектакльдің негізгі идеясы-әл-ауқат пен бірлікке, адалдық пен адамгершілікке шақыру.
         Оқиғалар басты кейіпкер Даметкеннің туған күніне балалар келген ата-аналар үйінде өтеді. Олардың әрқайсысының өз проблемалары мен өмірлік қиындықтары, өмірге деген басымдықтары мен көзқарастары бар. Кіші ұлы отбасын өз өмірімен біріктіруге тырысып, көрермендерге отбасылық байланыстарды құрметтеуге, қорғауға және нығайтуға шақырады.
        Қызметкерлердің осындай іс-шараларға қатысуы, арадағы қарым-қатынасын нығайтады және ұжымның моральдық-психологиялық ахуалына оң әсер етеді.