
2022 жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» жобасы іске қосылды. Бұл жоба түрлі салаларда азаматтардың тараптарынан ең көп туындаған сұрақтар мен жолданған шағымдарын және өтініштерін көрсетіп, дереу шаралар қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударады.
Аталған жобаның жетістіктері туралы, сондай-ақ «Бизнеске жол», «Сыбайлас ежмқорлыққа қарсы еріктілер» жобаларын жүзеге асыру тақырыбында жергілікті өңірлік коммникация орталығы алаңында брифинг өтті.
Биыл аталған Картада ауыл шаруашылығын, медицинаны, экологияны, бизнесті, спортты, жолдарды және инфрақұрылымды қаржыландырудың ашықтығын субсидиялауға байланысты проблемалық мәселелер көзделген.
Ағымдағы жылдың 8 айында Картаны іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармаларында қаржыландырудың ашықтығы мәселелері бойынша сыртқы талдаулар және экология мен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.
Биыл қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша «Арқалық – Шили» жолына орташа жөндеу жүргізу кезінде 169,5 млн.теңге мөлшерінде, сондай-ақ 10,5 млн. теңге сомасында «Екатеринбург – Алматы» автожолы бойынша залал келтіруге жол берілмеді. Жекелеген учаскелерде жол сапасы бойынша бірқатар ескертулер орын алды, нәтижесінде сарапшылар шақырылып, талдау жүргізіліп, сотқа шағым түсірілді, қорытындысы бойынша мердігер жосықсыз деп танылып, бүгінгі таңда мердігермен жолдағы ақаулар жойылды.
Арқалық өңіріндегі ауыз судың сапасы мәселесі жұртшылық пен БАҚ арасында бірнеше рет талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс нысандарына барып, нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде Арқалық қаласының Үштөбе ауылында көптен күткен су құбыры жобасы пайдалануға берілді және ауыл тұрғындары таза суды пайдалануға мүмкіншілік алды.
Тағы да бір өзекті мәселелр туындаған сала - жерді пайдалану. Департамент Облыстың жер инспекциясымен бірлесіп «Шаруа қожалығы үшін» санатынан «коммерциялық үй-жайлар салуға» жалпы ауданы 46 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту фактісін анықтады. Осы учаскені нысаналы мақсаты өзгергеннен кейін азамат 460 учаскеге бөліп, 1,5 млрд.теңгеге сатуға тырысты. Нәтижесінде әкімдіктің қаулысымен жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту жойылып, ол жайылым қорына қайтарылды.
Келесі сала – денсаулық сақтау. Департамент превенция құралдары арқылы Облыстық қан орталығы реагенттерді Мемлекеттік сатып алуды жүргізген кездегі 1,178,0 мың теңге үнемдеді. Тұтастай алғанда, «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталының мониторингі қорытындысы бойынша «Тәуекел тобынан» нарықтық баға жағына қарай қайта қарау ұсынымдары жіберілді, осылайша 2,3 млрд теңгеге бюджет қаражаты үнемделді.
Экология саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де анықталды. Мысалы, эмиссиялардан түсетін қаражатты игеру қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі бекітілген үш жылдық жоспар арқылы ғана жүзеге асырылады. Алайда ЖАО жоспардың жобасын бекіту үшін 2023 жылы ғана құзырлі министрлікке жіберді. Осы уақытқа дейін эмиссия әкімдіктің қалауы бойынша жұмсалған бюджеттің бір бөлігіне айналды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол"» жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты кәсіпкерлерге түрлі әкімшілік кедергілерді еңсеруге көмектесу, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Жоба жұмыс істеген кезеңен бастап бизнеспен барлығы 73 кездесу өткізілді, Бизнестің 527 өкілінен түскен 116 өтініш қаралды, 484 кәсіпкердің проблемалық мәселелері оң шешім тапты. Аналитикалық құралдар арқылы бизнестің жүйелік мәселелері анықталады. ШОБ субъектілерінің проблемаларын қозғайтын сыртқы талдаулар мен мониторингтер жүргізілді. Қорытындысы бойынша 44 жекеменшік балабақшаны негізсіз тексеру және қаржыландырудың негізсіз өзгеруі алынып тасталды; ЖКТИ, СЭС тарапынан 79 ШОБ-ты заңсыз тексеру; жер салығын төлеу үшін негізсіз енгізілген АШТӨ-нің 28-і салықты 6 есеге төмендетті. Департамент ұсынымдары бойынша 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Келесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы. Бұл жобаның мақсаты - бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін және квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ өзге де ұйымдарды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту.
Жоба 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырылады және келесі бағыттар бойынша еріктілерді тартуды көздейді - бұл қоғамдық бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру; Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету); корпоративтік волонтерлік.
Жобаның әлеуетті еріктілері белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, студенттік ұйымдар, зерттеу орталықтары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер, сарапшылар мен мамандар, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сыбайлас жемқорлық мәселелеріне бей-жай қарамайтын жеке ұйымдар бола алады.
Жобаға қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 4, байланыс телефоны 8 (7142)914-222.
Сондай-ақ, еріктілерді тіркеу үміткердің өтінім-сауалнамасын қабылдау eotinish порталының өтінімдерді қабылдаудың қолжетімді арналары арқылы, up.kostanay@antikor.gov.kz, электрондық пошта және WhatsApp 87478070921 нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы, еріктілермен бірге Антикор қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға және олардың салдарын жоюға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
ҚРСЖҚІА Қостанай облысы бйоынша Департаменті