«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Қостанайда «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Қостанайда «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды мәдени және білім беру бастамалары арқылы нығайтуды көздейтін «Әділ қоғам» жобасы Қостанай облысында да өз жұмысын бастады.

Игі бастама «Заң мен тәртіп» апталығы шеңберінде іске асырылып, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді арттыруға бағытталды. Жоба аясында түсіндіру іс-шаралары, ашық пікір алмасу алаңдары, білім беру форматтары мен мәдени кездесулер өткізу жоспарланған.

24 маусым күні Департамент қызметкерлері облыстық және қалалық деңгейдегі әріптестермен бірге жоба тұсаукесеріне онлайн түрде қосылып, өңірде жүзеге асатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Іс-шара барысында парасаттылық, әділдік және адалдық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Жалпыреспубликалық таныстырылым аяқталғаннан кейін, Департамент ғимаратында облыстық әкімдік өкілдерінің қатысуымен жобаны өңірлік деңгейде іске асыру бойынша бірлескен жоспарға қол қойылды. Жоспар жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, әділдік пен адалдық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған нақты іс-шараларды қамтиды.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗАКОНиПОРЯДОК