Ағымдағы жылы 24 маусымда «Заң мен тәртіп» апталығы шеңберінде Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халықпен кері байланысты нығайту және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру.
Келуші азаматтарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бағыты мен жүзеге асырылып жатқан бастамалар таныстырылып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу тәртібі түсіндірілді. Өзекті мәселелер бойынша кеңес беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
Сонымен қатар, іс-шараға Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері арнайы қатысып, жергілікті бизнес субъектілеріне арналған жеке қабылдау өткізілді. Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді көтеріп, сонымен бірге Департаменттің араласуымен оң шешімін тапқан істер үшін алғыстарын білдірді. Атап айтқанда, бірқатар кәсіпкер бизнесті жүргізуге кедергі болған жағдайлардың шешіліп, бүгінгі күні қызметінің жақсарғанын атап өтті.
Мұндай ашық форматтағы диалог алаңдары азаматтармен сенімді қарым-қатынасты нығайтып, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК