Бүгін Қостанай қаласының Орталық алаңында «Студенттік Арбат» жастар акциясы өтті. Шараға өңірдің жоғары оқу орындары, колледждер, институттар қатысты.
Акция аясында білім беру мекемелерінің өкілдері жастарға түрлі мамандықтарға түсу тәртібі, оқу шарттары, кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, талапкерлер мен олардың ата-аналарына кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті де белсенді қатысты.
Осы алаңда Департамент тарапынан құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша интерактивті викторина ұйымдастырылып, «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді. Викторина барысында қатысушыларға азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, жастардың құқықтары және құқықтық тәртіп негіздері туралы түсіндірілді.
Акцияға қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған ақпараттық материалдар алып, іс-шарадан жағымды әсер мен естелік алды.
Осындай іс-шаралар жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен өңірдің білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК