Ағымдағы жылғы 4 маусымда Қостанай облысы әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыстың жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.
Комиссия отырысында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Токбергеновтің жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау барысында анықталған жүйелі проблемаларды атап өтіп, оларды жою бойынша ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ, аталған саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті мен Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары ақпарат ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған ұсыныстарды іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
#ЗАҢменТӘРТІП #ЗАКОНиПОРЯДОК