2025 жылғы 30 мамырда Қазақстанның барлық қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Акцияны ұйымдастырушылар — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, «Zakon.kz» желілік басылымы және «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі.
Қостанай қаласында акцияның өткізу алаңы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет болды. Бұл күні құқықтық көмек алу үшін 156 азамат келді, оларға 68 сарапшы кеңес берді. Осы уақытта Арқалық қаласындағы Аууданаралық бөлімше де аталған акция аясында өз іс-шарасын өткізіп, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Жалпы Қостанай облысының басқа қалалары мен аудандарында құқықтық мәселелер бойынша сараптамалық кеңес алу мүмкіндігін тағы да 100-ге жуық азамат пайдаланды.
Кеңес беру барысында азаматтарға мемлекеттік органдар өкілдері мен өңірдің жетекші заңгерлері тарапынан тегін көмек көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтардың ең көп жүгінген салаларына тұрғын үй және жер қатынастары, сот ісін жүргізу, мұраға құқық алу, алименттерді өндіріп алу, сондай-ақ денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салалары, атап айтқанда әкімшілік кедергілер жасау мәселелері кірді.
Мұндай кездесулердің тиімділігі мен оң қоғамдық бағасы өткен жылдардағы көрсеткіштермен де дәлелденеді. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажеттілігі айқын көрініп, ол қарапайым қазақстандықтардың сүйікті және дәстүрлі іс-шарасына айналды. 2016-2024 жылдар аралығында ел бойынша акцияға 10 000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Құқықтық көмекке 300 000-нан астам азамат жүгінді.
Осындай бастамаларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және қоғамда құқықтық жауапкершілік мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосады.
#ЗАҢменТӘРТІП #ЗАКОНиПОРЯДОК