Ағымдағы аптада Алтынсарин ауданы әкімдігінің алаңында мемлекет жүзеге асырып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың практикалық аспектілерін талқылауға арналған семинар-кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда адалдық қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен сенімділігін арттыру, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді механизмдерін енгізу.
Мемлекеттік және жекеменшік секторларда парасаттылық пен адалдық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы мен мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылып жүрген заманауи тәсілдерге ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында аумақтық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша берілген ұсынымдарды сапалы орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ алдын алу шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде парасаттылық мәдениетін орнықтыруға және қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал ететін болады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК