Қостанай – мінсіз беделге ие қала: адалдық пен этиканы ілгерілету жолында

Қостанай – мінсіз беделге ие қала: адалдық пен этиканы ілгерілету жолында

Бүгін Қостанай қаласында «Қостанай – мінсіз беделге ие қала» атты форсайт-сессиясы өтті. Іс-шара мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерін біріктіріп, адалдық, ашықтық және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары этикалық мәдениетті ілгерілетуге арналған тиімді диалог алаңына айналды.

Сессия жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары  Тоқбергенов Р.Т., мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, білім және жастар саясаты саласының өкілдері қатысты.

Сессияда мемлекеттік қызметті дамытудың басым бағыттары, «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін қалыптастыру, адалдықты бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізі ретінде тану, сондай-ақ этикалық стандарттар мен қызметтік тәртіп мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды. Форсайт-сессия «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды құрамдас бөлігіне айналып, заңдылықты нығайту мен құқықтық сананы арттыруға үлес қосты.

Іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті арасында этика, адалдық және кадр саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет меморандумға қол қою мен форсайт-сессияны өткізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ортаны қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде қарастырады.

Құжаттың негізгі ережелері жемқорлықтың алдын алу, ашықтық мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыруға бағытталған мақсаттармен өзара үйлеседі. Меморандумда көрсетілген кадр саясатын жетілдіру, этикалық стандарттар мен қызметтік тәртіпті дамытуға бағытталған ұстанымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттардың институционалдық негізде тұрақты түрде іске асуына жағдай жасайды.

Бұл тәсіл қоғамда заңдылықты нығайту, құқықтық сананы арттыру және институционалдық сенімді күшейтуге бағытталған «Заң мен Тәртіп» қағидатының мақсат-міндеттерімен толық сай келеді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК