Қостанай облысында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді

Қостанай облысында комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен әдістемелік көмек көрсету мақсатында өңірдің 100-ден астам комплаенс-офицерінің қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

Семинар комплаенс жүйесін енгізуге қатысты өзекті мәселелер бойынша мазмұнды диалог пен бірлескен шешімдер қабылдау алаңына айналды. Офицерлердің кәсіби даярлығын арттыру үшін бейнеконференция байланысы форматында республикалық деңгейдегі спикерлер сөз сөйледі. Оқыту барысында нақты бұзушылық жағдайлары мен оларды алдын алудың жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі. Олар квазимемлекеттік сектордағы жүйелі проблемалар, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар саласы мен қаржы айналымындағы бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтты. Қаржылық бақылау тетіктерін күшейту мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірлескен әрекеттердің маңыздылығы атап өтілді.

Осы іспеттес іс-шараларды өткізу Қостанай облысында комплаенс-офицерлердің кәсіби деңгейін арттырумен қатар, басқару саласында адалдық, ашықтық және есептілік қағидаттарына негізделген «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗАКОНиПОРЯДОК