«Заң және тәртіп» нарративін түсіндіру аясында облыстық ата-аналар жиналысы өтті

«Заң және тәртіп» нарративін түсіндіру аясында облыстық ата-аналар жиналысы өтті

«Заң және тәртіп» нарративін түсіндіру және білім басқармасымен бірлескен жоспарды жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен облыстық ата-аналар жиналысы өтті.

Іс-шара білім беру ұйымдарындағы заңсыз қаражат жинауға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған.           

Жиын барысында білім басқармасының басшысы сөз сөйлеп, білім беру жүйесіндегі ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуде білім беру мекемелері, ата-аналар мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды.           

Департаменттің превенция басқармасының басшысы өз сөзінде мектептер мен балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына баса назар аударды. Ата-аналардан заңсыз ақша жинаудың жол беруге болмайтын әрекеттеріне нақты мысалдар келтіріліп, оларды тоқтатудың жолдары айтылды. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауын дамытуға бағытталған, оның ішінде мектеп бағдарламалары мен мектептен тыс іс-шаралар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамаларға тоқталды.           

Ата-аналар талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, балалар үшін неғұрлым ашық және қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.           

Шара қорытындысы бойынша ата-аналар қауымы мен педагогикалық ұжым арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылды жалғастыру туралы шешім қабылданды.          

  Шараға облыстағы 409 мектеп, 409 директор, 70 мың ата-ана, 13 білім басқармасының басшысы, 2 мыңнан астам мұғалім қатысты.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік