
«Заң және тәртіп» нарративін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру аясында Департаментпен Полиция департаменті өкілдерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың көшпелі іс-шаралары ұйымдастырылды.
Мобильді топтар Абай ауданы мен Шахтинск қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, кеңестер берді. Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктері, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған кездегі құқықтар мен міндеттер туралы ақпараттандыру, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгінудің қолжетімді арналарын түсіндіру болды.Құқықтық кеңеске жергілікті әкімдіктердің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері де қатысты, бұл азаматтардың өтініштерін неғұрлым мазмұнды қарауға және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жедел түсініктеме алуға мүмкіндік берді.Іс-шаралар ашық және сенімді форматта өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және халық пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті.Кездесу аясында 42 адам кеңес алды, сұрақтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік төлемдерге қатысты болды.Департамент өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндірсе, полиция өкілдері алаяқтық фактілерінің көбеюіне тоқталып, азаматтарды ерекше назарда болуға, жасырын нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге шақырды.Мобильді топтың жұмысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік