«Заң және тәртіп» нарративін түсіндіру және білім басқармасымен 2025 жылға жастар арасында академиялық адалдықты насихаттау бойынша бірлескен кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жастар арасында эссе байқауы өткізілді. Байқауға 40 білім алушылар қатысты.
Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың назарын сыбайлас жемқорлық мәселесіне аудару, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтық ұстанымын және адал және әділ мінез-құлыққа мотивациясын дамыту.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.Байқау соңында ұйымдастырушылар QR коды арқылы қатысушылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, іс-шараның жалпы ұйымдастырылуына 44,4%-ы «Өте жақсы», 33,3%-ы «Жақсы» деген баға берді, 88,8%-ы іс-шара ұнайтынын, 55,6%-ы келешекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында осындай іс-шараларға қатысуды қалайды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік