«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында балық шаруашылығы инспекциясында түсіндіру сұхбаты өткізілді

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында балық шаруашылығы инспекциясында түсіндіру сұхбаты өткізілді

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен түсіндіру сұхбаты өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлерге заңдарды сақтаудың маңыздылығын және олардың қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы рөлін түсіндіру.

Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» нарративті қалыптастыру – Қазақстанда әділ және қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік, өз Отанында әділ мемлекет құрудың маңыздылығы, сондай-ақ адал оқу мен еңбек қызметінің қажеттілігі туралы айтылды.

Заңның сақталуы жазадан аулақ болуға ұмтылу ғана емес, сонымен бірге заңға бағыну қоғамдағы жалпы игілік пен тұрақтылыққа ықпал етеді деген ішкі сенім болуы керек.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік