«Заң мен Тәртіп» нарративін іске асыру мақсатында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қарағанды көлік прокуратурасының, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының, Қарағанды облысының көліктегі полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды торабы бойынша филиалдары мен еншілес ұйымдарының өңірлік бөлімшелерінің басшылары үшін профилактикалық сұхбат өткізді.
Бұл іс-шара құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауға, сондай-ақ адалдық пен ашықтық стандарттарын сақтаудың маңыздылығына, өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібінің нормаларын бұзуға жол бермеуге бағытталған
Әділ қоғамды қалыптастыру үшін әрбір азаматтың құқықтық тәртіпті сақтаудағы өз рөлін түсінуі, осы процеске белсенді қатысуы және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қатаң ұстануы қажет екендігіне ерекше назар аударылды.
Заңның сақталуы жазадан аулақ болуға ұмтылу ғана емес, сонымен бірге заңға бағыну қоғамдағы жалпы игілік пен тұрақтылыққа ықпал етеді деген ішкі сенім болуы керек.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік