
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Департаментпен «Қарағанды су» ЖШС қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Іс-шараға ЖШС бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары және құқықтық актілерге енгізілген жаңалықтар түсіндірілді. Қатысушылармен заңдарды сақтау мәселелерін және қазіргі қоғамдағы құқықтық жүйелердің рөлін талқыланды.Семинар барысында Департамент қызметкері Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.Сонымен қатар, семинарда ұйымның комплаенс қызметкері ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы қызметі туралы ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сонымен қатар қызметкерлер тарапынан анықталған бұзушылықтар туралы айтып, ЖШС-нің ішкі тәртібін және еңбек міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға шақырды.Шара соңында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа немесе заңбұзушылықтарға кезіккен жағдайда Агенттіктің 1424 колл-орталығына хабарласуға болатынын еске салды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік