
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті заңнаманың нормаларын адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамыту және жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлықты қабылдамауының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында түсіндіру іс-шара ұйымдастырды.
Кездесу аясында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді беру және қарау тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Әдеп стандарттарын, адалдық пен ашықтықты сақтаудың, сондай-ақ өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібінің нормаларын бұзуға жол бермеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік