Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу бойынша антикор еріктілеріне тренинг жүргізілді

Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу бойынша антикор еріктілеріне тренинг жүргізілді

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының аясында Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Antikor орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілерге қоғамдық бақылау және бағаны асыра көтермелеу арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Департамент қызметкерлері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу - жымқырудың ықтимал белгілерін ерте кезеңдерде анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді құрал екендігін атап өтті.

Өйткені, сатып алынатын тауардың немесе қызметтің сапасы тікелей қарапайым халыққа әсер етеді.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде қоғамдық мониторинг бағыты көзделгендігін, қоғамдық бақылау аясында еріктілер Мемлекеттік сатып алу порталы, Бірыңғай сатып алу терезесі, «Prozakup» порталдарында лоттарды зерделей алатындығын еске салды. 

Жобаның жүзеге асырылу уақытынан бастап антикор еріктілерімен 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілмей, әлеуметтік маңызы бар объектілер мен жол құрылысы бағытында 50-ден астам қоғамдық бақылау жүргізілді.  

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік