Білім ұйымдарының басшылары мен есепшілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ақпарат берілді

Білім ұйымдарының басшылары мен есепшілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ақпарат берілді

«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Балқаш аймағы бойынша басқарма қызметкері-аға офицер А.Жакуповтың Балқаш қаласындағы білім саласы өкілдерімен «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесуге білім ұйымдарының басшылары мен есепшілері қатысты.

Кездесу барысында Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер, ноомаларын түсіндіріп, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туралы айтты.

Педагогтар мен әкімшілік қызметкерлердің қызметінде этика нормаларын, адалдық пен ашықтықты сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қатысушылар сұрақтарды қойып, өз пікірлерімен бөлісіті.

Кездесу соңында спикер Агенттіктің колл-орталығының жұмысы туралы еске салып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда 1424 нөміріне хабарласуға болатынын айтты.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік