
Акция барысында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне дәрістер оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, «Заң және Тәртіп» қағидалары түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, жастармен TedX форматында кездесулер өткізілді.
Сондай жемқорлық қылмыстары талқыланып, ситуациялық мәселелер қарастырылды.
Орта білім беру ұйымдарында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп, адалдық, парасаттылық, әділдік қағидалары туралы айтылды.
«Адалдық сағаты» акциясында облыстағы 300-ден аса мектеп пен колледждер және 6 жоғары оқу орнында жалпы саны 20 мыңға жуық білім алушыны қамтылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
#Әдептібол!
#үлкенгеқұрмет