«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Теміртау қаласы Қыздар гимназиясының ұжымымен кездесу өтті 

«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Теміртау қаласы Қыздар гимназиясының ұжымымен кездесу өтті 

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Теміртау қаласы білім бөлімі «Қыздар гимназиясының» ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Департаменттің Теміртау аймағы бойынша басқарма қызметкері - офицер Т.Сәдуақасов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды беру және қарау тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын жазалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Педагогтар мен әкімшілік қызметкерлердің қызметінде этика нормаларын, адалдық пен ашықтықты сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қатысушылар білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, сондай-ақ оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен жұмыста адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етудің ықтимал жолдары туралы сұрақтарды белсенді түрде қойды.

Кездесу соңында Т.Сәдуақасов Агенттіктің колл-орталығының жұмысы туралы еске салып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда 1424 нөміріне хабарласуға болатынын айтты.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік