Олыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві қызметкерлерімен кездесу

Олыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві қызметкерлерімен кездесу

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және оның алдын алу мақсатында, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағарту пулының спикері, қоғам қайраткері, жемқорлыққа қарсы волонтер – С.Мұстафин «Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» КММ басшылығы және қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер, жемқорлық қылмыстарының жауапкершілігі және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Серік Мұстафин мемлекеттік архив қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаудың жауапкершілігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметінің жұмысына және ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу мәселесіне жіті назар аударды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік