
Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне гүл сату кәсібімен айналысу мақсатында арнайы павильон үшін жер телімін беруден бас тарту мәселесі бойынша жеке кәсіпкер жүгінген болатын.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері Жер кодексіне сәйкес жер телімдерін беру аукцион арқылы жүзеге асырылатындығын алға тартып, кәсіпкерге 2023 жылдың ақпан айынан бастап бұл мәселені қараусыз қалдырып отырған.
Алайда, Жер кодексіне сәйкес, бұл рәсім өтініш беруші алғаш рет жүгінген сәттен бастап 90 күн ішінде жүзеге асырылады.
Нәтижесінде Департамент ЖАО басшылығының қатысуымен жұмыс кеңесін ұйымдастырды, оның барысында жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрығымен аукционға шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне гүл сату павильонын орналастыруға жер телімі енгізіліп, тиісті ақпарат аукцион арқылы сатылу үшін «Мемлекеттік тізілім» порталында орналастырылды.