Конституция күні қарсаңында шетел азаматтарымен TedX форматында кездесу өтті

Конституция күні қарсаңында шетел азаматтарымен TedX форматында кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы – жоғарғы заңдық күшке ие, мемлекетіміздің барлық аумағында қолданылатын негізгі заң. 

Конституция заңмен белгіленген негізгі нормативтік құқықтық актілердің ішінде бірінші орында тұрады.

Ал Конституцияның негізгі қағидаларынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері көрініс табады. 

Осы орайда, Конституция күні қарсаңында Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасында шетел азаматтары мен ағылшын тілінде сөйлейтін азаматтардың қатысуымен: «Constitution as a basic Law of Republic of  Kazakhstan: Anti-corruption is everyone`s constitutional duty» тақырыбында TedX форматта кездесу ұйымдастырылды.

Аталмыш кездесу шетел азаматтарын конституциялық реформалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаларымен таныстыру мақсатында ағылшын тілінде өтті.

Өз кезегінде, Қарағанды Медицина университетінің шетел студенттері, облыстық кітапхананың Америка бұрышы еріктілері және кездесудің басқа да қатысушылары еркін форматтағы пікірталасқа белсене қатысып, өз мемлекеттерінің негізгі заңнамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша ақпаратпен бөлісіп, ұйымдастырылған шараға алғыс білдірді.

Кездесу соңында жемқорлыққа қарсы волонтерлермен «Ата Заң – өркениеттілік кепілі: Constitution is a guarantee for secure civilization» атты арнайы кітаптар көрмесі таныстырылды.