Ағымдағы жылдың 7 ақпанда Превенция басқармасының офицері Алшимбаева А.С. және ақпараттық пулдың спикері, Орталық Қазақстан академиясының оқытушысымен Сүлейменова А.И. «№57 С. Саттаров атындағы МЛ» КММ-де Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға мектеп директоры мен мұғалімдер құрамы қатысты.
Семинар барысында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған саясаттың тұжырымдамасы, 2023 жылғы 3 қаңтардағы РҚ заңы бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Баяндамашылар Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын бұзғаны үшін лауазымды және жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы баптарын түсіндірді. Семинар соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнеролик ұсынылды.