
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастар арасында оған қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында, Antikor ағартушылық пулының спикері – Бейбіт Жұмабеков Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясының «Адал ұрпақ» клубы белсенді жастары және оқушыларымен ашық сұхбат форматында жүздесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, Бейбіт Жұмабеков белсенді жастардың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, білім беру мекемесінің басшылығымен «Адал ұрпақ» клубын одан әрі жандандыру жоспарын талқылады. Алдағы уақытта жоба аясында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылатын болады.