Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша «Адал көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау

Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша «Адал көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау

Департаменттің Antikor орталығында «Адал көмек» жобасының аясында Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Азамат Ибрагимұлы Мұқанов мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдап, құқықтық көмек көрсетті.

Кеңес алушылар қатарында бизнес және қоғам өкілдері болды.

Мәселен, «Persona» спорт кешенінің басшысы Жібек Камали спортты дамыту саласындағы қызметтерді сатып алудың конкурстық рәсімдеріне қатысу, сондай-ақ, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне енгізілген өзгерістер қызықтырды. Сонымен қатар, бизнес өкілі әлеуетті жеткізушілердің өтінім беру және қарастыру мерзімдерін қайта қарау туралы ұсыныс білдірді.

«Әділдік жолы» РҚБ аумақтық филиалының өкілі Рустам Танишпеков қоғамдық бірлестік пен мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Барлық сұрақтар бойынша қолданыстағы заңнама аясында жауап берілді. Консультация барысында азаматтардан жазбаша өтініштер түскен жоқ.

Халық арасында аса қызығушылыққа ие сала мамандарының қатысуымен, жоба аясында іспеттес қабылдау шаралары әр бейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Департаменттің Antikor орталығында өткізілетін болады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болсаңыз, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа аласыз.