Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамына арналған семинар

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамына арналған семинар

Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және оның алдын алу мақсатында, Antikor ағартушылық пулының спикері – Бейбіт Жұмабеков Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамымен кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізді.  

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Бейбіт Қайыржанұлы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасымен таныстырып, Агенттік мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдауды жүзеге асыраты 1424 колл-орталығы жайында атап өтті.