Қарағанды қаласының әлеуметтік және ішкі саясаты мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес

Қарағанды қаласының әлеуметтік және ішкі саясаты мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес

Департаменттің Antikor орталығында «Адал көмек» жобасының аясында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ляззат Төкенқызы Ақылжанова қаланың әлеуметтік мәселелері және ішкі саясаты сұрақтары бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.

Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, балаларға жәрдемақы алу, әлеуметтік жол жүру билеті және басқа да маңызы бар мәселелер бойынша ақпарат ала алды.

Мәселен, 1991 ж.т. Г.Б. Мұқатова есімді азамтша, 4 баланы тәрбиелеп отқан көп балалы, жалғыз басты ана ретінде, балаларды мектепке дайындау мәселесі бойынша көмек сұрады. Азамтша Г. Мұқатоваға отбасылық жағдайын анықтап, әлеуметтік жәрдемақы тағайындалу мақсатында, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну бойынша тиісті ақпарат берілді. Сондай-ақ, «Мектепке жол» науқаны аясында жақын арада азаматша Г.Мұқатованың балаларына көмек көрсетілетін болады.

Консультация барысында азаматтардан жазбаша өтініштер түскен жоқ.

Халық арасында аса қызығушылыққа ие сала мамандарының қатысуымен, жоба аясында іспеттес қабылдау шаралары әр бейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Департаменттің Antikor орталығында өткізілетін болады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болсаңыз, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа аласыз.