Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыстық Әділет департаменті ұжымымен кездесу

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыстық Әділет департаменті ұжымымен кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мақсатында Antikor ағартушылық пулының спикері, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы – Руслан Тоқатов Қарағанды облысының Әділет департаменті басшылығы және қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде Руслан Алтайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат беріп, тыңдаушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, шара соңында Әділет департаменті қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы телефон хабарламаларын қабылдауды жүзеге асыратын 1424 колл-орталығының жұмысы жайында тағы бір мәрте еске салынып өтті.