Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту штабының негізгі басымдылығы - азаматтармен кері байланыс орнатып, адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Осы орайда, ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, Орталық Қазақстан Академиясының оқытушысы – А.И.Сүлейменова Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың күшейтілуі бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында Алтынай Сүлейменова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға тоқталып, тыңдаушылардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді.