Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеке құрамына live-вебинар

Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеке құрамына live-вебинар

Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған ақпараттық-ағарту штаб мүшесі, Орталық-Қазақстан Академиясының оқытушысы А.И.Сүлейменова Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеке құрамымен онлайн кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Алтынай Сүлейменова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға тоқталып, тыңдаушылардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді.