Комплаенс-қызметі институтын енгізу сұрақтары бойынша live-вебинар

Комплаенс-қызметі институтын енгізу сұрақтары бойынша live-вебинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту штабының негізгі басымдылығы - азаматтармен кері байланыс орнатып, адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Осы орайда, ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, Орталық Қазақстан Академиясының оқытушысы Алтынай Ислямқызы Сүлейменова облыстық жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, квазимемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өкілдеріне комплаенс-қызметі институтын енгізу сұрақтары бойынша онлайн форматта түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында сондайқ-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әкімшілік жауапкершілік, азаматтарды көтермелеу сынды заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.  

https://www.facebook.com/100064423135418/videos/151116530379117/