Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комиссия отырысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комиссия отырысы

Департамент басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразханның қатысуымен Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттық өкілеттілік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында Асхат Оразхан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың күшеюі, нақтырақ, әкімшілік заңнамаға қатысты өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, басшының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру бойынша кешенді жоспардың орындалысына ескерту жасап, оны тиісті деңгейде орындау үшін бірқатар ұсынымдар берді.

https://www.facebook.com/antikor.qaragandy/posts/141743807983056