Қарағанды облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

Қарағанды облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және билік органдарының қызметіндегі ашықтықты арттыру шеңберінде Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға және жолын кесуге белсенді қатысуға шақырады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әрбір хабарлама әділдікті, заңдылықты нығайтуға ықпал етеді және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Мәселен, 2022-2025 жылдар кезеңінде Қарағанды облысында 29 азамат көтермеленді, оның ішінде 9 адам алғыс хаттармен және 20 адам жалпы сомасы 5 926 110 теңгеге біржолғы ақшалай сыйақылармен көтермеленді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз! Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Бірлескен күш-жігермен біз адал, әділ және жауапты мемлекет құра аламыз.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП