Қарағанды облысында «Әділ қоғам» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылуы өтті

Қарағанды облысында «Әділ қоғам» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылуы өтті

Қарағанды облысында «Әділ қоғам» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылуы өтті.

«Әділ қоғам» жобасы-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру орталығының мәдениет пен Ұлттық мұра призмасы арқылы қоғамдағы адалдық пен адамгершілікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамасы.

Жоба мәдени мұра, тарихи құндылықтар, адалдық пен әділдік дәстүрлері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету үшін бірегей мәдени-ағартушылық платформа құруға, сондай-ақ азаматтардың адалдығы, әділдігі қағидаттарын қалыптастыру мақсатында мәдени-ағартушылық және білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысы әкімінің білім, ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін, мәдениет және спорт істері жөніндегі орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлы, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қатысты.

«Әділ қоғам» мәдени-ағарту алаңында тұрақты негізде:

- мәдениеттің моральдық аспектілерін талқылау үшін жазушылармен, ғалымдармен, этнографтармен және қоғам өкілдерімен кездесулер;

- құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар;

- Абай, Шәкәрім, Бұқар жырау және басқа да философтардың шығармалары негізінде ар-ождан, әділдік және ар-намыс тақырыбындағы диалог клубтары, пікірталастар, әдеби кештер өткізілетін болады.

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок