«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінде өңірдің жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының маңызды аспектілерімен танысты, мемлекеттік органның қызметі, іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар туралы толық ақпарат алды.
Іс-шара шеңберінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (превенция, жедел, тергеу, кадр қызметі) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің күнделікті жұмысы туралы айтып, істердің қалай қалыптасатынын және тіркелетінін көрсетті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және олардың жұмыста дұрыс қолданылуын түсіндірді.
Студенттер ерекше белсенділік танытты, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Студенттерге тергеу кабинеті көрсетіліп, шарттарымен таныстырылды.
Бұдан әрі кадр қызметінің қызметкері студенттермен әңгімелесіп, құқық қорғау органдарына, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Іс-шара соңында студенттер аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок