«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Департамент басшысының, Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекет және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тапсырмалар мен ұсыныдардың орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.
Отырыста превенция басқармасының басшысы Н.Тәжіғұлов пен оның орынбасары А.Мыңғышев баяндама жасады.
Олар өз сөзінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысында орын алып отырған кемшіліктерге, оның ішінде мемлекеттік органдар басшылығы тарапынан ұсынымдарды орындауға бақылаудың жеткіліксіздігіне, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында профилактикалық іс-шаралардың орындалу деңгейінің төмендігіне тоқталды.
Жиын барысында мемлекеттік органдардың басшыларына нақтылау сұрақтары қойылып, түсіндірмелер тыңдалып, атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік