«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінде мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Іс-шараға Қазынашылық департаментінің басшысы, сондай-ақ қазынашылық департаментінің басқармалары басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында спикер Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпаратты ұсынды. Стратегиялық құжатта көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі тұтастық пен ашықтықты қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнаманың нормалары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу қағидаттары, ішкі бақылау тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік