Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен еліміздің заңңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмек ала алады.
Қарағанды облысында акция облыстың барлық 13 қаласы мен ауданында ұйымдастырылды. Іс-шараға 50-ден астам заңгер, адвокат және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының 125 өкілі қатысты.
Акция аясында 300-ге жуық азамат кеңес алды.