Қарағанды облысы қоғамдық кеңесі комиссиясының отырысы

Қарағанды облысы қоғамдық кеңесі комиссиясының отырысы

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталды. Сәйкесінше, оның жанындағы барлық комиссиялардың құрамы да жаңартылды.           

«Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында Департаменттің Антикор орталығында Қарағанды облысы бойынша Қоғамдық кеңестің заңдылық, адам құқықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.           

Отырысқа Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Арыстанбеков, Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Байбосынов, Заңдылық, адам құқықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрағасы мен мүшелері және департамент қызметкерлері қатысты.           

Қоғамдық кеңес төрағасы комиссияның жаңа құрамын таныстырып, жоспарланған шаралар мен жұмыс жоспарларына тоқталды.           

Бұл отырыс танысу сипатта болғандықтан, Департаменттің штаб басшысы Б.Әзімбек комиссия мүшелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметі туралы хабардар етсе, превенция басқармасының басшысы Н.Тәжіғұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы айтты.           

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, алдағы уақытта бірлескен жұмыс туралы пікірлер мен тілектермен бөлісті.           

Отырыс соңында комиссия мүшелеріне іс-шаралар жоспарын жасап, Департаментке ұсыну ұсынылды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік