«Құқық және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді

«Құқық және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді

«Құқық және тәртіп» идеологиясын насихаттау және Білім басқармасымен бірлескен жоспарды жүзеге асыру мақсатында 5-12 мамыр аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді.

Акция аясында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне дәрістер оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, «Құқық және тәртіп» қағидалары түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді, жастармен кездесулер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды.           

Орта білім беру ұйымдарында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп, оларда адалдық, парасаттылық, әділдік қағидалары туралы айтылды.           

«Адалдық сағаты» акциясы облыстағы 322 мектеп пен колледждерде, 6 жоғары оқу орнында жалпы саны 30 мыңға жуық білім алушыны қамтыды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік