2025 жылғы 15 мамырда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-ағартушылық бастаманы іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК облыстық филиалымен кездесу өткізді.
Іс – шараның негізгі мақсаты-құқықтық мәдениетті арттыру, заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктерді енгізу арқылы әділ және ашық қоғамды қалыптастыруға жәрдемдесу.
«Заң мен тәртіп» қағидаты заңнаманы мүлтіксіз сақтауды, құқықтық мәдениетті арттыруды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруды көздейді.
Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс ішкі бақылау мен бұзушылықтардың алдын алудың пәрменді құралы ретінде ерекше маңызға ие.
Аумақтық департаменттің превенция Басқармасының бас маманы Ринат Мұратов атап өткендей, заңнамалық деңгейде квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметтер құру міндеті белгіленген. Бұл бөлімшелер: этика нормаларының сақталуын бақылауды; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін; басқару шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Кездесуге қатысушыларға тиімді комплаенс жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздері де, практикалық құралдары да ұсынылды.
Есепті және ашық ортаны құру арқылы ғана сыбайлас жемқорлық көріністерінің тұрақты төмендеуіне қол жеткізуге болатындығы атап өтілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП