Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыруға арналған семинар өткізді.
Іс-шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов және облыстық Ұлттық статистика бюросы департаментінің өкілдері қатысты.
ҚР Үкіметі бекіткен Тұжырымдама жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және қоғамның құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуын дамытуға бағытталған. Құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңнаманы жетілдіру, әсіресе жастар арасында құқықтық ағартуды кеңейту жөніндегі шараларды көздейді.
Цифрландыруға және мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға — жұмыстың сервистік моделін енгізуге, eGov және ашық деректер жүйесін дамытуға, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінде кадрларды даярлауды жаңғырту, қылмыстық деректерді талдау, әлеуметтік желілерді мониторингілеу, қатерлерді тану және құқық бұзушылықтарды болжау үшін жасанды интеллектті пайдалану жоспарлануда.
Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және қоғамдағы заң үстемдігі қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП